🎂🎂 Бал қосылған торт 🎂🎂
Қажет азық-түліктер тізімі:
— сары май - 100 гр;
— құмшекер - 200 гр;
— бал - 2 ас қасық;
— сода - 1 шай қасық;
— жұмыртқа - 2 тал;
— ұн - 300-500 гр.
Креміне қажет азық-түліктер:
— сары май - 300 гр;
— қайнатпа (варенка) - 1 банка.
✔ 1. Бұл торттың қамырын ыстық суда булап дайындау қажет. Бір ыдысқа су құйып қайнатып, оған дәл келетін ыдысты бетіне қоясыздар. Міне осылай.
✔ 2. Оның үстіне құмшекер мен балды қосамыз.
✔ 3. Май ерігенше араластырып, сосын үстіне сода қосамыз.
✔ 4. Сода қосылған соң түсі кішкене ағарады. Міне осылай.
✔ 5. Түсі ағарған соң ыстық судан алып, жақсылып араластырамыз. Жұмыртқаны бір-бірден салып араластырамыз.
✔ 6. Кішкене суыған соң үстіне ұн салып араластырамыз. Камыры жабысқақ болады.
✔ 7. Қамырды ұнға араластыра отырып салафанға орап, мұздатқышқа 30 минутқа салып қоямыз. Жарты сағат өткен соң қамырды алып ұнмен кішкене илеп, 9 бөлікке бөлеміз.
✔ 8. Енді әр қамырды жеке-жеке қолмен жайып шығамыз. Жаңағы айтқанымдай қамыр өте жабысқақ.
✔ 9. Пергамент қағаздарыңыз болса, соны дөңгелек етіп кесіп алып, соған ұн жағып жайып, шанышқымен тесіп шығыңыздар.
✔ 10. 180-190 дәрежеде қызарғанша пісіріңіз. Тез піседі. Оны бақылып тұрыңыз.
✔ 11. Кремін дайындау үшін 300 гр сары майды бөлме температурасында ерітіп, миксермен араластырып, қайнатпамызды қосамыз.
✔ 12. Дайын болған кремді піскен күлшеге жағамыз. Осылайша 8 күлшені пісіріп, крем жағып шығамыз. Шет-шетіне де жағамыз. Суреттегідей.
✔ 13. Қалған 1 күлшені пісіріп алып блендермен немесе оқтаумен езіп шет-шетіне себеміз. Безендіруін өзіңіз қалағандай етіңіз.
✔ 14. Осымен тортымыз дайын.
😋😋 Ас болсын! 😋😋