Ашлянфу салаты Құрамы: Ашлянфу кеспесі — 1 қалта Сәбіз — 1 дана немесе дайын сәбіз салаты — 1 кесе Қызанақ — 2 дана Қияр — 1 дана Болгар бұрышы — әр түсінен Сарымсақ — 4- 5 түйір Пияз — 1 дана Кинза — 5 — 6 тал Шекер — 1 шай қасық Уксус қышқылы — 0,5 шай қасық Тұз Сое соусы — 1 асқасық Сұйық май 1. Қайнап жатқан суға 1 қалта ашлянфу салып, тұз салып, піскенше 20 минут қайнатып аламыз. Піскен ашлянфуды бірден салқын суға салып, жуып аламыз., 2. Дайын сәбіз салаты болса, соны қоссаңыз болады. Болмаса 1 сәбізді үккіштен өткізіп, 0,25 шай қасық тұз салып, 0,5 шай қасық уксус қышқылын құйып араластырып қолымызбен мыжғылап, ашлянфудың үстіне саламыз, онымен қоса, қияр, қызанақ, болгар бұрышының әр түрін ұзыншалап турап, сое соусын, шекер, езілген сарымсақтарымызды қосып, қызған майға ұзыншалап туралған пиязымызды қуырып алып, оны да салатымызға салып, араластырамыз. 3. Ен соңынан кинза турап саламыз. Егер тұзы кемдеу болса тұз салыңыз. Барлығын араластырып 1 — 2 сағат тоңазытқышқа салып қойыңыз, сонда барлық көкөністердің шырыны бөлініп дәмі жақсы болады.

Теги: сылки

Теги других блогов: сылки