✅ "Тефтели" соуспен! ✅ ✅ Рецепт: ✅ Керекті азық-түлік: 🔸 1. Фарш - 500 гр. 🔸 2. Жуа(лук) - 2 шт. 🔸 3. Сәбіз - 1 шт. 🔸 4. Сарымсақ - 2_3 талы 🔸 5. Күріш(жартылай піскен) - 0,5 шәй кесе. 🔸 6. Жұмыртқа - 1 шт. 🔸 7. Томат пастасы - 1 ас қасық. 🔸 8. Секер(сахар) - 1 шәй қасық. 🔸 9. Лавр жапырағы - 1_2 шт. 🔸 10. Қара бұрыш. 🔸 11. Сұйық май. 🔸 12. Тұз. ✅ Дайындалуы: ✅ 1. Ең алдымен күрішті суға жартылай пісіріп алып, суынан сүзіп, суытып дайындап қоясыз. 2. 1 шт жуаны блендрмен езіп алыңыз немесе өте ұсақ қылып турайсыз. 3. Сосын фаршқа суыған күрішті, туралған жуаны және 1 жұмыртқаны, қалауыңызша тұз бен қара бұрышын салып араластырасыз да, үлкендеу дөңгелек қылып тефтилерді жасап, ұнға былғап дайындап қоясыз. 4. Майды қыздырып, тефтелилердің екі жағын аударып тұрып пісіріп аласыз. Сосын шұңғылдау ыдысқа тізіп салып қоясыз. 5. Енді соус дайындаймыз. Ол үшін манағы тефтели қуырған майдың аз ғана мөлшерін алып қаласыз да, қалғанын басқа ыдысқа құйып қоясыз. Сосын қалған майға 1 шт жуаны кішкентай кубиктап туралған жуаны салып, сарғыш түске енгенше қуырасыз. Ал сәбізді үккіштен өткізіп жуаның үстіне салып араластырып тұрып қуырасыз. Одан кейін сарымсақты майдалап турап саласыз. Оның үстіне томат пастасын және аааз ғана тұз бен қара бұрыш салып араластырып қуырыңыз. Одан кейін қайнаған су құясыз. Соус қайнап жатқанда секерді саласыз да араластырасыз. Енді осы бүлкілдеп қайнап жатқан соусты манағы тефтели тізіліп тұрған ыдысқа тефтелилердің үстіне айналдыра құйып шығасыз да, жәй отқа 30 минуттай қойып пісіресіз. Пісіру барысында тефтелидің тұзы аз болып жатса қарап саласыз және пісуге 10 минут қалды-ау дегенде лавр жапырағын салып, қақпағын жауып жәй отта пісіресіз. Дайын тефтелилерді картоп пюресімен немесе күріш гарнирімен ұсынсаңыз керемет дәмді болады. Ас болсын! ЕСКЕРТУ: тефтелилерге соусты бір тегіс айналдыра құясыз. Егер соус қою болса, аздап су қосып жіберіңіз. Сосын соуспен тефтелилерді қайнатқанда отты қатты қоймаңыз, тефтелилер езіліп кетуі мүмкін.

Теги:

Теги других блогов: